Бүгін еліміздің басым бөлігінде қалың тұман түсіп, көктайғақ болады

Синоптиктер мұндай жағдай әсіресе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола облысында болады деген болжам жасап отыр.

Кей жерлерде екпіні секундына 23 метрге дейін жететін жел соғып, бұрқасын тұрады. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстанда да күн райы осыған ұқсас. Маңғыстау облысында найзағай ойнап, көшелер көктайғақ болады. Алматы, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе өңірінде қалың тұман түседі.

Сондай-ақ...