Жауын-шашын, көктайғақ, тұман: бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Жауын-шашын, көктайғақ, тұман: бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Еліміздің бірнеше облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды.

26 наурызда күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. 26-27 наурызда кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с. Жезқазғанда 26 наурызда көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15 м/с.

26 наурызда Қостанай облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с.

Атырау облысында кей жерлерде тұман болады. Күндіз батыстан соғатын жел кей жерлерде 15-20 м/с. Атырауда күндіз батыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с.

26 наурызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр), тұман, көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын, таңертең кей жерлерінде тұман болады. Желдің бағыты солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай соғады. 26 наурызда кей жерлерде тұман болады. Батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с. Қызылордада түнде найзағай күтіледі. 26 наурызда батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

26 наурызда Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде қатты қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел солтүстік-батыстан шығысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с. Өскемен қ.: 26 наурызда жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан шығысқа ауысып, түнде екпіні 15-18 м/с. Семей қ.: 26 наурызда жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан шығысқа ауысып, түнде екпіні 15-18 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с. Петропавл қ: күндіз 26 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Күндіз 26 наурызда Жамбыл облысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең 26-27 наурызда кей жерлерде тұман, күндіз найзағай күтіледі. 26-27 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с, 26 наурызда екпіні 23-28 м/с. Тараз қ: 26-27 наурызда найзағай күтіледі. 26, таңертең және күндіз 27 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с, 26 наурызда кей уақытта 25 м/с.