433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Наурыздың соңына қарай ауа температурасы төмендейді – Қазгидромет

  • 267
  • UPD: 11:59, 26.03.2021
Наурыздың соңына қарай ауа температурасы төмендейді – Қазгидромет

«Қазгидромет» РМК 27-29 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Қазақстан аумағының үстінде біріккен Жерорта және Солтүстік-Батыс циклондары елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында жауын-шашын тудырады. Кей жерлерде жаңбыр мен қар түрінде, оңтүстік өңірлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Жекелеген аудандарда тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстік өңірлерде жаяу бұрқасын байқалады. 29 наурызға қарай ауа температурасы төмендейді деп күтілуде», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы