Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын: бірқатар өңірде ескерту жарияланды

Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын: бірқатар өңірде ескерту жарияланды
Liter.kz

Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

27 наурызда Қостанай облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел, солтүстік-шығыс желіне ауысады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с.

Қостанай қ.: таңертең және күндіз 27 наурызда көктайғақ күтіледі.

27 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

Көкшетау қ.: 27 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

27 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Петропавл қ.: күндіз 27 наурызда көктайғақ күтіледі.

Жылымықтың аясында жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы өзендері су алабында (2100 метр жоғары биіктігіне) 26-27 наурыз аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін.

Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды.

27 наурызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе қ.: 27 наурызда көктайғақ күтіледі.