430,99 515.14 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қалың тұман мен көктайғақ: он бір өңірде ескерту жарияланды

  • 179
  • UPD: 09:10, 29.03.2021
Қалың тұман мен көктайғақ: он бір өңірде ескерту жарияланды

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қалың тұман түсіп, көктайғақ болады. Осыған орай синоптиктер елорда мен 11 өңірде дауылды ескерту жариялады.

Атап айтсақ, Жамбыл облысында нөсер жауып, арты қарға ұласады.

Қызылорда, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе облыстарында тұман бүркеп, көшелер көк мұзға айналады. Сондай-ақ солтүстік-батыстан күші секундына 20 метр болатын жел ұйытқиды.

Батыс Қазақстан, Петропавл мен Маңғыстауда күн райы осыған ұқсас. Ал Түркістан мен Солтүстік Қазақстанда жауын жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұрқасын жүріп, екпінді жел соғады.

Хабар 24 телеарнасы