Еліміздің төрт облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

30 наурызда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Шымкент қ.: 30 наурызда таңертең және күндіз батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

30 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, түнде кей жерлерде көктайғақ күтіледі.

Қызылорда қ.: 30 наурызда кей уақытта тұман күтіледі.

30 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Көкшетау қ.: түнде және таңертең 30 наурызда тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі.

30 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.