А.Цой коронавирустың жаңа штамдарының қай өңірде жоқ екенін атады

Елімізде коронавирустың жаңа штамдары табылды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деді.

Айтуынша, індеттің «британдық», «бразилиялық» және «оңтүстік африкалық» штамдары барлық өңірден табылған. Тек Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостнай және Павлодар облыстарында кездеспепті. Мамандар зерттеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Ведомсвто басшысы «британдық штамм» аса қауіпті дейді. Жылдам таралады, сосын өлім-жітім де жиі тіркелетін көрінеді. Сондықтан тұрғындарды сақтанып жүруге шақырды. Вирустың «британдық штамы» Алматыда 8 науқастан, Ақтөбе облысында 3 науқастан және елордадан 1 адамнан табылыпты. Одан бөлек Египет және Араб Әмірліктерііен оралған 8 отандасымыздан осы штамм табылған.