Жеті өңірде ауа райы туралы ескерту жарияланды

Жеті өңірде ауа райы туралы ескерту жарияланды

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде қалың тұман түседі. Соған байланысты мамандар жеті өңірдің тұрғындарына  жолда сақ болуды ескертеді.

Атап айтсақ, бүгін Ақмола, Қызылорда облыстарында тұман түсіп,  секундына 20 метр екпінмен жел соғады. Қостанай мен Қарағанды өңірінде көктайғақ. Кей жерлерде бұрқасын көтерілуі мүмкін. Ал Жамбыл облысында қар аралас жаңбырдың соңы көктайғаққа ұласады. Солтүстік-батыстан секундына 25 метр жылдамдықпен жел ұйытқиды.