Елордада жексенбі күні қоғамдық көліктер жүрмейді

Жексенбі күні, 4 сәуірде, Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, елордада қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады.

Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Бетперде тағу режимін сақтауды сұраймыз. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды.

Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді.