432,26 519.25 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тұман, жел, найзағай: бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 230
  • UPD: 17:53, 02.04.2021
Тұман, жел, найзағай: бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Azattyq Rýhy

3 сәуірде Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет

Түнде 3 сәуірде Атырау облысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

Атырау қ.: түнде 3 сәуірде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

3 сәуірде Түркістан облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

3 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Қостанай қ.: 3 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

3 сәуірде күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда қ.: 3 сәуірде күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түнде және таңертең 3 сәуірде Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Көкшетау қ.: түнде 3 сәуірде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15 м/с күтіледі.

3 сәуірде Қарағанды облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Жезқазған қ.: 3 сәуірде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

3 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Петропавл қ.: 3 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы