Елордада ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ауа райының бұзылуына байланысты елордада ескерту жарияланды.

Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті 5 сәуір күні шаһарда қалың тұман түсіп, көктайғақ болатынын ескертеді

«Қазгидромет» РМК дерегіне сенсек, циклон солтүстік-шығысқа ығысып, ел аумағының басым бөлігіне ықпалын тигізеді. Кей жерлерде жауын-шашын жауады.

Солтүстік-батыста – жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл соғады, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста найзағай жарқылдайды.

Еске сала кетейік, елімізде қолайсыз ауа райына байланысты 7 өңірде ескерту жарияланған болатын.