430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2021 жылдың сәуір-қазан айларына арналған ауа райы болжамы

  • 225
  • UPD: 17:05, 05.04.2021
2021 жылдың сәуір-қазан айларына арналған ауа райы болжамы Апостроф

Сәуір айында республиканың барлық аумағында ауаның орташа температурасы нормаға жуық болады деп күтілуде.

Қазгидромет мәліметінше, сәуірде республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан аз болады деп болжанады, Алматы, Ақмола, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Павлодар облысының оңтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының орталығында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының солтүстік-батысында нормаға жуық, нормадан жоғары – Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батыс жартысында, Алматы облысының шеткі солтүстік-шығысында.

Мамыр айында республиканың басым бөлігінде ауаның орташа температурасы нормаға жуық болады деп күтілуде, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Қарағанды облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде және Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында нормадан 1° жоғары.

Мамыр айында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормаға жуық болады деп болжануда, нормадан жоғары – Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облысының солтүстігінде, нормадан төмен- Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде.

Жаздың басы республика аумағының басым бөлігінде норма шамасында күтіледі, елдің шығысы мен оңтүстік-батысында температурасы климаттық нормадан 1° жоғары болады, ҚР қиыр солтүстік-батысында ауа температурасы нормадан 1° төмен болады деп күтілуде.

Маусым айында ҚР басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан аз болады деп болжануда, нормаға жуық-Қарағанды, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, елдің оңтүстігінің таулы және тау бөктеріндегі аудандарында, ал Қазақстанның солтүстік бөлігінде нормадан көп.

Шілдеде елдің шығыс жартысында ауаның орташа температурасы нормаға жуық болады деп болжанады, республиканың батысында климаттық нормадан 1-2° жоғары. Жаздың ортасында ҚР көптеген облыстарында жауын-шашын мөлшері нормадан аз болады деп күтілуде, нормаға жуық-елдің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында және батысында. Жаздың соңында республиканың басым бөлігінде ауаның орташа айлық температурасы нормаға жуық болады деп күтілуде, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстік-шығыс жартысында нормадан 1° жоғары.

Тамыз айында жауын-шашын мөлшері елдің басым бөлігінде нормадан жоғары болады деп болжануда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарының басым бөлігінде нормаға жуық, Атырау, Маңғыстау облыстарында - нормадан аз.

2021 жылдың күзінде ауаның орташа температурасы ҚР басым бөлігінде норма шамасында болжануда, республиканың солтүстік-батыс жартысында ғана нормадан 1°жоғары. Нормаға жуық жауын-шашынның мөлшері елдің басым бөлігінде күтіледі, ҚР солтүстік-шығысында-нормадан жоғары, республиканың батысында-нормадан аз.

Ескертпе: маусымдық болжам ауа температурасының және жауын-шашынның климаттық нормасынан ауытқуды білдіреді, яғни нормаға қатысты ай жылы немесе суық, жаңбырлы немесе құрғақ болады. Болжамның бұл түрі суық және жылу толқындарының басталу мерзімдерінің қателігі мен ығысуына ие болғандықтан, маусымдық болжамды консультативтік болжам ретінде пайдалану керек, ол кейіннен айға, онкүндікке, аптаға арналған ауа-райы болжамдарымен нақтыланады.

Хабар 24 телеарнасы