Еліміздің алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжамы бойынша алдағы үш күнде еліміздің алты облысында жел, тұман, найзағай күтіледі.

8-10 сәуірде Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі. 10 сәуірде кей жерлерде найзағай күтіледі. 8 сәуір күндіз, 9-10 сәуірде тәулік бойы солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Тараз қ: күндіз 10 сәуірде солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

8 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

8-9 сәуірде Қарағанды облысында кей жерлерінде тұман күтіледі.

8 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

8 сәуірде Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі.

8 сәуірде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде 15-20 м/с.

Орал қаласында 8 сәуір түнде және таңертең тұман күтіледі.

8 сәуірде Ақтөбе облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақтөбе қаласында 8 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Сондай-ақ...