427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бес өңірде ауа райы туралы ескерту жарияланды

  • 199
  • UPD: 22:26, 11.04.2021
Бес өңірде ауа райы туралы ескерту жарияланды

12 сәуірде Қазақстанның 5 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

12 сәуірде Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл, бұршақ болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетуі ықтимал. Шымкент қаласында 12 сәуірде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

12 сәуірде Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

12 сәуірде Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі.

12-13 сәуірде Қарағанды облысында кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Жезқазған қаласында 12 сәуірде солтүстік-шығыстан 15 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Хабар 24 телеарнасы