427,14 517.06 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

  • 258
  • UPD: 17:27, 12.04.2021
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

13 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15 м/с.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с. Көкшетауда түнде тұман күтіледі.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Шымкент қаласында 13 сәуірде таңертең және күндіз найзағай болады. Түркістан қаласында кей уақытта найзағай соғады.

13 сәуірде Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде 18 м/с.

Хабар 24 телеарнасы