Атырау облысында вакцина туралы сауалдарға жауап беретін колл-центр ашылды

Атыраулықтар вакцина төңірегіндегі сауалдарына колл-орталық арқылы жауап ала алады. Мұнайлы өңірде ерікті түрде екпе салдырамын деушілер үшін жедел желі іске қосылған.

Колл-орталық күн сайын таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін жұмыс істейді. Тұрғындар жедел жеЛі арқылы тіркелген жері бойынша емханада вакцинаның бар не жоғын біле алады. Сондай-ақ екпе алар алдында дәрігерлермен кеңесуге мүмкіндігі бар.

Вакциналаудан кейін де ақпараттық қолдау көрсетіледі. Айта кетейік, соңғы тәулікте 934 атыраулық екпе салдырған.