Қазақстанда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

15 сәуірде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ал Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші – 15-20 м/с.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда қ.: 15 сәуірде таңертең және күндіз найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші кей жерлерде – 15-20 м/с.

Атырау қ.: шаңды дауыл күтіледі, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-18 м/с.