429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты

  • 187
  • UPD: 17:46, 17.04.2021
Ақмола облысында бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты

Ақмола облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусинаның «Облыс аумағындағы карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы» қолданыстағы қаулыға өзгерістер енгізген №16 жаңа қаулысы күшіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа қаулы арқылы «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын Көкшетау және Степногорск қалаларының бірқатар нысандарының жұмысына рұқсат етіледі. Осылайша құжатта «Ashyq» жобасына қатысатын Көкшетау және Степногорск қалаларындағы нысандарды қоспағанда компьютерлік клубтардың, боулинг-клубтардың, кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының қызметін тоқтата тұру көзделген. Бильярд залдарының қызметі де тоқтатылады.

Бірақ 2021 жылдың 21 сәуірінен бастап, Көкшетау және Степногорск қалаларында орналасқан және «Ashyq» жобасына қатысатын бильярд қызметіне рұқсат етілген. Облыс өңірлерінде караоке қызметі де тоқтатылады. 2021 жылғы 5 мамырдан бастап «Ashyq» жобасына қатысатын Көкшетау және Степногорск қалаларында орналасқан караоке қызметіне рұқсат етіледі. 2021 жылғы 21 сәуірден бастап «Ashyq» жобасына қатысатын Көкшетау және Степногорск қалаларын қоспағанда облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдардың қозғалысы да тоқтатылды.

Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады.

Хабар 24 телеарнасы