429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Секундына 28 метрге дейін жел: облыстарда ауа райы туралы ескерту жарияланды

  • 350
  • UPD: 07:15, 19.04.2021
Секундына 28 метрге дейін жел: облыстарда ауа райы туралы ескерту жарияланды

Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды.

Қазгидрометтің хабарлауынша, еліміздің бірқатар аймағында ауа температурасы төмендеп, қатты жел соғады. Ақмола облысында жел екпіні секундына 25 метрге  дейін жетсе, Солтүстік Қазақстан өңірінде 28 метрге дейін баруы мүмкін.

Синоптиктер Маңғыстауда таңертең және кешкі уақытта тұман түседі, ал Шығыс Қазақстан облысында қар аралас жаңбыр жауып, күн күркірейді деп болжап отыр. Сондай-ақ бүгін Көкшетау, Петропавл және Нұр-Сұлтан қалаларында да дауыл болуы ықтимал. Ел астанасында сынап бағанасы күндіз ноль градусқа дейін түседі, ал түнде -7 градусқа дейін суытады. Жауын жауып, арты қарға ұласады. Соңында тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.

Хабар 24 телеарнасы