Автосақтандыру тарифтері өзгере ме?

Автосақтандыру тарифтері өзгере ме? LS порталындағы әріптестереміз осы сауалдын жауабын іздеп көрді. Өйткені бұл мәселе елімізде біраздан бері талқыланып келеді және әлеуметтік желілерде әртүрлі пікірталас тудырып жатыр.

Осыған байланысты еліміздегі ірі сақтандыру компаниясының төрағасы Дәурен Иманжанов автокөлік иелері үшін полистің құны пайдалану өңіріне байланысты өзгеретінін атап өтті. Мысалы, Шымкентте орташа баға 10 315 теңгені, Алматы облысында 14 548 теңгені, ал Алматы қаласында 30 240 теңгені құрайды. Алайда құнына қарамастан барлық өңірлер үшін төлем тарифі бірдей болып қалады деді ол.

«Полистің бағасына әсер ететін факторлардың бірі автомобильді пайдалану аймағы. Көліктердің үлкен ағымы бар ірі қалада тәуекелдер сәйкесінше жоғары. Дегенмен, автокөлік иелері олардың көлігі қай жерде тіркелгеніне қарамастан еліміз бойынша еркін жүруге құқылы», – деп түсіндірді. Ал тағы бір отандық компания басшысы Олег Ханин қолданыстағы тарифтік факторлар өзекті емес екенін айтады. Олар сақтандыру тәуекелдерінің әлеуметтік бағыты мен әділ қағидаттарын көрсетпейді.

Айта кетейік, соңғы рет тарифтердің өзгеруі 2007 жылы болды.