Алдағы аптадан бастап жеке куәліктің электронды нұсқасы жарамды болады

26 сәуірден бастап қазақстандықтар нотариалдық қызметтер кезінде электронды жеке куәліктерді қолдана алады.

Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиев мәлімдеді.

«Бір апта ішінде «E- нотариат» және eGov mobile ақпараттық жүйелерін интеграциялау аяқталады. Одан соң азаматтар электронды жеке куәліктерді қолдана алады», - деді вице-министр.

Электрондық жеке куәлік eGov mobile қосымшасында қолжетімді болады. Оны алу үшін ЭЦҚ болу керек және eGov порталында ұялы телефон нөмірін тіркеу қажет.

Ақпарат көзі: krisha.kz