Елордада 23 сәуірден бастап күн жылынады

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамы бойынша аптаның соңына қарай елордада күн жылынады деп күтіліп отыр. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін, яғни 21 сәуірде Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығып, ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр. Батыстан, солтүстік-батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде 7-9 аязға дейін төмендейді, күндіз 8-10 градус жылы болады.

Күндіз көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, ауа температурасы түнде -5-7 градус, күндіз 5-7 градус жылы болады.

23 сәуірге арналған ауа райы болжамы: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады, ауа температурасы түнде 4-6 градус, күндіз 13 градус жылы болады.