Отандық QazVac вакцинасы кімдерге салынады?

Кеше өңірлерге жіберілген отандық QazVac вакцинасы кімдерге салынады?

Бұл сауалға ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева брифинг барысында жауап берді.

– Өздеріңіз білесіздер, отандық вакцина өңірлерге жіберілді. Әзірге 50 мың доза жеткізілді. QazVac вакцинасы 26 сәуірден бастап егіледі. Алдымен тәуекелі жоғары топтағы адамдарға салынады. Содан соң қалаған кез келген адам да ала алады. Яғни бүгінде қазақстандықтардың вакцинаны таңдауға құқықтары бар.

Осы мәселенің барлығын жергілікті дәрігерлерге жеткізу үшін бүгін үлкен семинар өткізіледі. Сонан соң тағы қосымша ақпараттар беретін боламыз», – деді А.Қуатбаева.

Бұған дейін Мемлекет басшысы отандық вакцина жасап шығарғандарға алғыс айтқан болатын.

Қазақстандық вакцинаны шығарумен нақты кім айналысатын болды?