Еліміздің алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын хабарлады.

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с.

Атырау облысы

Атырау облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

Атырау қ.: күндіз 26 сәуірде найзағай күтіледі, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақтау қ.: 26 сәуірде кей уақыттарда тұман күтіледі.

Қостанай облысы

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Қостанай қ.: күндіз 26 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Күндіз 26 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Петропавл қ.: күндіз 26 сәуірде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.