Елордада Ташкент көшесі уақытша жабылды

Елордада 26 және 27 сәуірде Н.Гоголь көшесінен Игілік көшесіне дейінгі учаскедегі Ташкент көшесінде қозғалыс жартылай жабылады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

«Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп жол-құрылыс жұмыстарын бастады. Осыған байланысты 26 және 27 сәуірде Н.Гоголь көшесінен Игілік көшесіне дейінгі учаскедегі Ташкент көшесі бойынша қозғалыс ішінара жабылды.

«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз», – делінген ведомство хабарламасында.