429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

WhatsApp-тағы маңызды функцияға өзгерістер енгізіледі

  • 119
  • UPD: 16:42, 26.04.2021
WhatsApp-тағы маңызды функцияға өзгерістер енгізіледі

WhatsApp мессенджерін құрастырушылар хабарламаларды автоматты түрде жою функциясына өзгерістер енгізу үстінде.

Бұл туралы WABetaInfo хабарлады.

Хабарламалар жіберілгеннен кейін 24 сағаттан кейін оларды автоматты түрде жою мүмкіндігі ұсынылады. Функция жеке және топтық чаттарда қолжетімді болады.

Қазіргі уақытта мессенджерде хабарламаларды 7 күннен кейін автоматты түрде өшіру қызметі бар. Ол кезде хабарламалар жіберушіден де, алушыдан да жойылады.

Хабар 24 телеарнасы