Найзағай, тұман, жел: бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды.

27 сәуірде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай соғады. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болады. Оралда күндіз найзағай күтіледі.

27 сәуірде Ақтөбе облысында желдің бағыты солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с.

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с болады. Күндіз кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Қостанай қаласында 27 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

27 сәуірде таңертең және күндіз Қызылорда облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

27-28 сәуірде Қарағанды облысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа жел ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.