427,41 517.06 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бірқатар өңірде ауа райы туралы ескерту жарияланды

  • 147
  • UPD: 22:47, 26.04.2021
Бірқатар өңірде ауа райы туралы ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан қ: күндіз 27 сәуірде оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

27 сәуірде Ақтөбе облысында желдің бағыты солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

27 сәуірде Атырау облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с.

Атырау қ.: 27 сәуірде найзағай күтіледі.

27 сәуірде Ақмола облысында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с болады. Күндіз кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Күндіз 27 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз 29 сәуірде Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. 27-29 сәуірде кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы