Ғалымдар қартаюды бәсеңдететін қарапайым әдістерді атады

Британдық биолог және ұзақ жасау саласының сарапшысы Энрю Стил қартаю процесін баяулататын жеті тәсілді айтты.

Бұл туралы Express хабарлайды.

Стилдің айтуынша, ұзақ өмір сүру үшін тұрақты түрде спортпен айналысып, уақытылы ұйықтау керек және тамақ рационында көкөністерді көбейтіп, тағам қоспаларынан бас тарту керек. Мұнымен қоса, үнемі қан қысымы мен пульсты бақылап, тістердің саулығына мән беру қажет екен. Және қазіргі сәнге айналып кеткен диеталардан бас тарту қажет екен.

«Егер адам мүлдем спортпен айналыспайтын болса, күніне минут болсын далада серуендеу өмір жасын ұзартуға септігін тигізеді», дейді маман. Сондай-ақ ол жаттығуды жасағанда да организмге күш түсірмеу керектігін айтып өтті.