Елордада Малахов көшесінің бойындағы учаске жабылады

Нұр-Сұлтан қаласында Малахов көшесінің бойындағы Р.Дүйсенбаев көшесінен Сусамыр көшесіне дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Малахов көшесінің бойындағы Р.Дүйсенбаев көшесінен Сусамыр көшесіне дейінгі учаскеде 28 сәуір мен 3 мамыр аралығында автокөлік құралдары үшін қозғалысты толық жабу жоспарланып отыр.