429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада сатып алу құқығымен берілетін жалдамалы тұрғын үйлерге өтінім қабылданады

  • 162
  • UPD: 16:42, 27.04.2021
Астанада сатып алу құқығымен берілетін жалдамалы тұрғын үйлерге өтінім қабылданады

Елордада 30 сәуір мен 10 мамыр аралығында сатып алу құқығымен берілетін жалдамалы тұрғын үйлерді алуға өтініштер қабылданады.

Тұрғын үйді әкімдікте кезекте тұрған мына саланың қызметкерлері ала алады:

– білім беру,

– денсаулық сақтау,

– мәдениет,

– спорт,

– әлеуметтік қорғау,

– полиция,

– төтенше жағдайлар департаменті.

Сондай-ақ тұрғын үй алуға кезекте тұрған көп балалы және толық емес отбасылар, мемлекеттік қызметкерлер және т.б ала алады.

Жалға алу шарттары:

  1. Құны – 1 шаршы метр үшін 1455 теңге;
  2. Ең ұзақ мерзімі – 20 жылға дейін. Тұрғын үй жалдау мерзімінің соңында жалға алушының меншігіне өтеді;
  3. Табысы жеткіліксіз болған жағдайда кепілгер тарту мүмкіндігі.

Мұнда әртүрлі бөлмелі 297 пәтер бар.

Қажет құжаттар тізімі:

– ЭСҚ кілті;

– фирмалық бланкідегі жұмыс орнынан алынған анықтаманың сканерленген нұсқасы.

Өтініштер qatysu.zhilfond.kz порталында қабылданады.

Нәтижелер zhilfond.kz және zhil-astana.kz сайттарында жарияланады.

Ақпарат көзі: krisha.kz

Хабар 24 телеарнасы