424,02 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Солтүстік өңірлерде үсік жүреді

  • 265
  • UPD: 14:16, 28.04.2021
Солтүстік өңірлерде үсік жүреді

«Қазгидромет» РМК 29 сәуір мен 1 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады, жел күшейеді. Елдің орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Сондай-ақ Скандинавия аудандарынан антициклонның келуімен Қазақстан аумағында ауа температурасы төмендейді деп күтілуде. Солтүстік жартысында түнде 3 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз 10-15 градусқа дейін, оңтүстік жартысында түнде 7-15 градусқа дейін, күндіз 18-28 градусқа дейін жылы болады.

Хабар 24 телеарнасы