Елордада жылыту маусымы қашан аяқталады

Елордада жылыту маусымы 29 сәуірден бастап аяқталады.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтанда 2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымын аяқтау туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Қаулыға сәйкес Нұр-Сұлтан қаласында 2020-2021 жылғы жылу беру маусымы 2021 жылғы 29 сәуірден бастап аяқталады.

«Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын», – делінген әкімдіктің қаулысында.