427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

  • 170
  • UPD: 17:36, 29.04.2021
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Ауа райына байланысты бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды.

30 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай болады. Солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Қызылорда қаласында 30 сәуірде түнде және таңертең найзағай соғады.

Ақмола облысында кей жерлерінде 3 градус үсік болады.

30 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады. Батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Петропавлда күндіз 30 сәуірде батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с.

30 сәуірде таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20, екпіні 25 м/с. Шымкентте 30 сәуірде күндіз найзағай болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістанда 30 сәуірде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Қостанай қаласында күндіз батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

30 сәуір-1 мамырда Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ жауады. 30 сәуір- 2 мамырда кей жерлерде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с, 1-2 мамырда екпіні 23-28 м/с жетеді. Таразда 30 сәуір мен 1 мамырда кей уақытта найзағай, бұршақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Хабар 24 телеарнасы