427,14 517.06 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада 2 мамыр күні қоғамдық көліктер жүрмейді

  • 311
  • UPD: 16:55, 30.04.2021
Елордада 2 мамыр күні қоғамдық көліктер жүрмейді

Нұр-Сұлтан қаласында және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы жексенбі күні, яғни 2 мамырда бір күнге тоқтатылып, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Сенбі және дүйсенбі күндері, яғни 1 және 3 мамырда қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмыс істейді.

Жолаушылар бетперде тағып жүруі міндет, автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды.

Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу/көлік кодын енгізу арқылы.

Хабар 24 телеарнасы