ҚР Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

2021 жылдың 3 мамырынан бастап мешіттер мен басқа да діни орындар аумағындағы ашық аспан астында ұжымдық іс-шаралар өткізуге рұқсат етіледі. Бұл туралы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысында жазылған. 

Қаулыға сәйкес, вакциналау паспорты және соңғы үш күнде алынған ПТР тесттің теріс нәтижесі бар азаматтарға, медициналық-әлеуметтік нысандарға баруға рұқсат беріледі. Бірақ босанатын әйелдер мен жағдайы ауыр науқастарға жеңілдіктер жасалған. Олар медициналық ұйымға зертханалық тексеру нәтижелерін күтпей-ақ кіре алады. Тек аурухана қызметкерлері оларды оқшаулауға міндеттеледі.

Еліміздің бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы 3 мамырда сағат 00:00-де күшіне енеді. Ал соңғы алты айда коронавируспен ауырмаған және екпе алмаған адамдардың көпшілігі қашықтан жұмыс істейді.

Жаңа қаулыға сәйкес, енді Қазақстанға шетелден келгендердің барлығы ПТР тесттің теріс нәтижесін көрсетуге міндетті. Құжаттың берілгеніне үш тәуліктен аспауы тиіс. Тек 5 жасқа дейінгі балалардан тест нәтижелері талап етілмейді. Сонымен қатар облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат етілді. Барлық спортшылар мен жаттықтырушылар вакциналаудың екі сатысынан өтуі керек.

Сондай-ақ...