Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Бүгін ауа райының бұзылуына байланысты «Қазгидромет» мамандары бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қарағанды және Павлодар облысында сынап бағанасы 3 градусқа дейін төмендейді. Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде екпіні секундына 28 метрге дейін жететін қатты жел соғуы мүмкін. Ал Қызылорда мен Түркістан аймағында шаңды дауыл тұрады. Синоптиктердің болжауынша, Жамбыл облысында найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.