426,43 517.06 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Clubhouse ресми түрде Android-та пайда болды

  • 135
  • UPD: 15:58, 04.05.2021
Clubhouse ресми түрде Android-та пайда болды Фото: ©РИА Новости

Clubhouse аудио-әлеуметтік желісі Android үшін қосымшаның ресми сынақ нұсқасын шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Android Police сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта бағдарламаға бірнеше пайдаланушы ғана кіре алады. Алайда компанияның ресми блогында алдағы апталарда Clubhouse-ты көптеген адам Android-та сынап көре алатыны айтылған. Қосымшаның толық шығарылымы қашан болатыны әлі белгісіз. Сарапшылар әлеуметтік желі бета-арнадағы пайдаланушылар үшін қол жетімді болғандықтан, ол жақын арада барлығына ашылады деп болжап отыр.

Бұған дейін аудио-әлеуметтік желінің лезде танылғаны ірі компаниялардың ұқсас қосымшалар жасауына себепші болған. Мысалы, наурызда Instagram Clubhouse аналогын жасағанын жариялады.

Хабар 24 телеарнасы