Алматы мен Шарджа арасындағы әуе рейстері қайта ашылады

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 23 сәуірдегі шешіміне сәйкес 1 мамырдан бастап Алматы мен Шарджа қалалары арасында аптасына 3 рет тұрақты рейспен ұшуға рұқсат етілді.

Атап айтқанда, Алматы мен Шарджа қалалары арасындағы тұрақты рейстерді «Air Arabia» әуе компаниясы 21 мамырдан қайта бастайды.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес А-320/321 әуе кемелерімен аптасына 3 рет (3, 5 және 7-ші күндері) орындалады.