Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

5 мамырда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман болады. Күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, солтүстік-батыстан жел соғады күші, кей жерлерде 17-22 м/с.

Ақтау қаласында 5 мамырда түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз солтүстік-батыстан жел соғады күші, екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысында кей жерлерде найзағай болады. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

Атырау қаласында күндіз 5 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

5 мамырда Батыс Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде найзағай болады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, кей жерлерде 15-20 м/с.

Орал қаласында 5 мамыр түнде найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан, соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай болады. Оңтүстіктен жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.