Елордада Мәмбетов көшесіндегі учаске уақытша жабылады

«Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мәмбетов көшесінде Ғұмар Қараш көшесінен Кенесары көшесіне дейінгі учаскеде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты осы жылдың 5 мамыры сағат 15:00-ден бастап 6 мамыр сағат 07:00-ге дейін көлік қозғалысы толығымен шектеледі.