427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада 9 мамыр күні қоғамдық көліктер жүрмейді

  • 389
  • UPD: 11:51, 06.05.2021
Елордада 9 мамыр күні қоғамдық көліктер жүрмейді

Нұр-Сұлтан қаласында және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы жексенбі күні, яғни 9 мамырда бір күнге тоқтатылып, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қалған мереке күндері, яғни 7,8 және 10 мамырда елордалық қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмыс істейді.

Жолаушыларға бетперде тағып жүруі міндеттеледі. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды.⠀

Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу/көлік кодын енгізу арқылы.

Хабар 24 телеарнасы