Елордада бірқатар көше уақытша жабылады

«Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ елорданың ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Сығанақ көшесі Қабанбай батыр даңғылы қиылысынан бастап Сығанақ және Мәңгілік Ел көшелерінің қиылысындағы жол айрығына дейінгі учаскеде, сондай-ақ Қорғалжын көшесі бойымен Тұран даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейін жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты биыл 6-16 мамыр аралығында автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылатын болады.

«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген хабарламада.