Еліміздің кей өңірінде нөсер жаңбыр жауады

Еліміздің кей өңірінде нөсер жаңбыр жауады
Svidok.info

Алдағы дүйсенбіде елімізде ауа райы құбылмалы болады.

10 мамырда елордада бұршақ аралас нөсер жаңбыр жауады дейді Қазгидромет. Солтүстік-шығыстан күшті жел соғып, екпіні секунтына 20 метрге дейін жетеді. Алматы мен Шымкентте де жаңбыр құяды. Республиканың шығысы мен оңтүстігінде және батыста жел тұрып, арты жаңбырға ұласады. Орталық Қазақстанда да жауын-шашынды болуы ықтимал.