Елорда әуежайына тек «Ashyq» мобильді қосымшасы арқылы кіруге болады

Бүгіннен бастап елорда әуежайына «Ashyq» мобильді қосымшасы арқылы кіруге болады.

Ал мамырдың он екісінен бастап жоба толықтай іске қосылады. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Жүйедегі мәртебесі «сары» және «қызыл» болып көрсетілген азаматтар терминалға кіре алмайды. Барлық келушілердің дене температурасы өлшенгенімен «Ashyq» жүйесі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қосымша тетігі ретінде қолданылмақ. Осы орайда әуежай қызметкерлері халыққа қосымшаны телефонға алдын ала жүктеп, мәртебесін тексеруді ескертеді. Рейске жіберілмеген жолаушылар билет ақшасын қайтару жөніндегі өтінішін әуе компанияларына жолдауы керек.