Халықаралық әуе рейстерінің саны артты

Қазақстан халықаралық әуе рейстерінің санын арттырды, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 6 мамырдағы шешіміне сәйкес Черногория, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Қырғызстан, Өзбекстан және Нидерланд бағыттары бойынша тұрақты халықаралық әуе рейстерін мына бағыттар бойынша ашуға және ұлғайтуға рұқсат етілді:

Черногория:
15 мамырдан бастап Қазақстан тарапы үшін аптасына 5 рейспен Алматы – Подгорица – Алматы және Қазақстан тарапы үшін аптасына 3 рейспен Нұр-Сұлтан – Подгорица – Нұр-Сұлтан бағыттары бойынша жолаушылар рейстері ашылады.

БАӘ:
10 мамырдан бастап Алматы – Дубай – Алматы бағытында тұрақты рейстер санын әр тарап үшін аптасына 5-тен 7 рейске дейін және Нұр-Сұлтан – Дубай – Нұр-Сұлтан бағытында әр тарап үшін аптасына 3-тен 5 рейске дейін ұлғайтылады.

Қырғызстан:

15 мамырдан бастап Қазақстан тарапы үшін аптасына 7 рейспен Алматы – Тамшы – Алматы бағытында жолаушылар рейстері ашылады.

Өзбекстан:

15 мамырдан бастап әр тарап үшін аптасына 2 рейспен Алматы – Самарқанд – Алматы бағытында жолаушылар рейстері ашылады.

Сонымен қатар 20 мамырдан бастап «Эйр Астана» АҚ-ның Атырау – Франкфурт – Атырау бағытындағы рейстерін кезең-кезеңмен Атырау – Амстердам – Атырау бағытындағы рейстерге ауыстыруына рұқсат етілді. Басында 1 рейспен, әрі қарай Нидерланд тарапынан шектеулердің алынып тасталуына қарай 2 рейске дейін арттыру көзделеді.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланға кестеге сәйкес орындалады.