Вакциналау паспорты Ashyq қосымшасында көрсетілетін болады

1 шілдеге дейін вакциналау паспорты Ashyq қосымшасында көрсетілетін болады.

Вакцинаның екі компонентін толық алған азаматтардың мәртебесі жасыл түспен белгіленеді.

Бұл туралы көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жанар Оразалина мәлімдеді. Жалпы жоба іске қосылғаннан бастап, «қызыл мәртебе» анықталған пайдаланушылардың саны 2 мыңға жетті. Одан бөлек Ashyq қосымшасымен жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5 мыңнан асты.

Әсет Тұрысов, ҚР ЦДИАӨМ вице-министрі:

- Барлығы заңға сәйкес болады. Заң қаулыдан жоғары, ешкім жеке деректерді пайдаланбайды. Дербес деректер сот шешімі болған жағдайда ғана ұсынылуы мүмкін. Бұл жүйе заңға сәйкес жұмыс істейді. Қаулыға сәйкес, деректерді тек санитарлық дәрігерлерге береміз. Қалғанының бәрі дербес деректер туралы заңмен реттеледі.

Сондай-ақ...