427,01 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің басым бөлігінде күн жылы болады

  • 429
  • UPD: 13:00, 14.05.2021
Еліміздің басым бөлігінде күн жылы болады

Қазақстан бойынша 15-17 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды.

«Қазақстанның көптеген аймағында Солтүстік-Батыс антициклонының әсерінен бұлтты және құрғақ ауа райы сақталады. Сондай-ақ республиканың солтүстік жартысында түнде температуралық фонның 8....16-ға дейін, күндіз 25....33-ға дейін, Батыс және оңтүстік аймақтарда түнде 12....20-ға дейін, күндіз 28....36-ға дейін көтерілуі болжануда», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында ауа райының құбылмалы сипаты сақталады, күн күркіреп, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін. 15 мамырда Шығыс Қазақстан облысында түнгі уақытта үсік жүретіндіктен, топырақ беті 1 градусқа дейін қатуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы