Елордада мүмкіндігі шектеулі жандар үшін цифрлық сауаттылық курстары өтеді

Елордада I, II, III топтағы мүгедектерді, жеке көмекшілерді, мүгедек балалары бар ата-аналарды цифрлық сауаттылық бойынша тегін оқыту курстары өтеді, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік корғау баскармасының көмегімен курстар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өтеді.

Сабақтар осы жылдың 4 мамырынан 30 қарашасына дейін мына бағдарлама бойынша өтеді:

  1. Негізі компьютерді пайдалану;
    2. EGOV электрондық үкімет порталын оқыту;
    3.Әлеуметтік қызметтер порталы;
    4. ZOOM;
    5. WhatsApp пайдалану;
    6. Банк қосымшалары;
    7. ЭЦҚ кілтін алу.

Айта кету керек, курстар санитарлық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі. Мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 8-701-212-09-55; 8-775-545-15-39; 8-747-455-44-95.