427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорда мен бірқатар өңірде ауа райы туралы ескерту жарияланды

  • 201
  • UPD: 22:37, 18.05.2021
Елорда мен бірқатар өңірде ауа райы туралы ескерту жарияланды

19 мамырда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды.

Нұр-Сұлтан қаласында күндіз ауа температурасы 18-20 градус жылыға дейін күрт төмендейді. Кей уақытта найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 35 градусқа дейінгі қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында найзағай, дауыл, бұршақ болжанады. Желдің күші күндіз 15-20 м/с құрайды.

Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз шаңды дауыл тұрады. Күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 23 м/с жетуі ықтимал.

Павлодар облысында жаңбыр, күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. 19-20 мамырда кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. 20-21 мамырда тұман болады. 19-21 мамырда солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 25 м/с жетеді. Күндіз 19-20 мамырда ауа температурасы 12-20 градус жылыға дейін күрт төмендеуі мүмкін. Түнде 20-21 мамырда кей жерлерде 2 градус үсік күтіледі.

Күндіз Атырау облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Күндіз 37 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.

19-20 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. 20-21 мамырда кей жерлерді тұман басады. 19-20 мамырда солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 25 м/с күшейеді. Күндіз 19-20 мамырда ауа температурасы 12-20 градус жылыға дейін күрт төмендеуі ықтимал. Түнде 20-21 мамырда 2 градус үсік күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. 20-21 мамырда тұман болжанады. 19-21 мамырда солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с артады. Түнде 20-21 мамырда облыстың солтүстік-шығысында 2 градус үсік күтіледі.

19 мамырда күндіз, 20 мамырда тәулік бойы Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. 21 мамыр күні жаңбыр соңы қарға ұласуы ықтимал, тұман болжанады. 19-20 мамырда кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. 19-20 мамырда желдің екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз 20 мамырда ауа температурасы 10-15, кей жерлерде 7 градус жылыға дейін күрт төмендейді. Түнде 21 мамырда кей жерлерде 3 градус үсік күтіледі.

19 мамырда Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында жаңбыр, күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. 19-20 мамырда найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. 20-21 мамырда кей жерлерде тұман болады. 19-20 мамырда желдің жылдамдығы 25 м/с артады. Күндіз 19-20 мамырда ауа температурасы 12-20 градусқа дейін, түнде 20-21 мамырда 2 градусқа дейін төмендейді.

Хабар 24 телеарнасы